Қызылордада «Экомарафон-2022» ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Аралға су келе ме? Әлемді толғандырған бұл сауал Қызылорда облысындағы экомарафонның басты тақырыбына айналды. Айтулы шара барысында Арал ауданында отандық және шетелдік экологтардың қатысуымен ғылыми-тәжіребиелік конференция өтті. Келелі басқосуда кіші Арал теңізін сақтап қалу, трансшекаралық өзен суын тиімді пайдалану, қуаңшылықпен күрес мәселелері талқыланды. Экомарафон «Көкарал» бөгетінен басталды. 2005 жылы салынған гидронысан Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейін көтеруге көмектесті. Балық көбейіп, тіршілік жанданды. Дегенмен теңізге нәр беретін жалғыз өзен Сырдария суының жыл сайын азаюы мамандарды алаңдатып отыр. «Траншекаралық өзен суын пайдалануда ысырапшылдыққа жол беріле берсе, экологиялық апат тағы қайталануы мүмкін», – дейді ғалымдар.
АРАЛ ӨҢІРІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДИАЛОГ
Тараз қаласында "Аралға су келе ме?" Экомарафон-2 халықаралық конференция өтті. Толығырақ бейнематериалда.
Ұлттық Құрылтай 2026 Қызылорда
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында ел болашағы үшін аса маңызды бірқатар стратегиялық мәселелерге тоқталып, олардың ішінде Арал теңізін құтқару мәселесін айрықша атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде Арал проблемасының тек аймақтық емес, жаһандық сипатқа ие екенін, оны шешу үшін тек ішкі шаралар ғана емес, халықаралық деңгейдегі су дипломатиясы қажет екенін нақты әрі ашық жеткізді.
Арда туған азамат ең, қайтейік...
"Тұран ойпаты-Арал теңізі" қоғамдық бірлестігінің негізіг қалаған Көлбай Соңғыбайұлы Данабай туралы еске алу өлеңі.
Жүрегім бірге Аралмен
"Тұран ойпаты-Арал теңізі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айнұр Рысбаева ханыммен сұхбат.
Арал теңізі туралы толғаныс
Арал теңізінің тағдыры сол жерде туып-өскен, кіндік қаны тамған адамдармен тығыз байланыста.
Аралды құтқаруға болады!
Тарихы сонау неоген дәуірінде басталған, көлемі жағынан әлем бойынша төртінші орын алған Арал теңізі қазіргі таңда мүлдем құрып кетудің алдында тұрғанын біреу білсе, біреу білмес. Өзегіне су тамызып тұрған Әмудария мүлдем құймайды. Ал, Сырдария өзені болса егістік алқаптарға бұрылып, адамзат баласының "тойымсыздық құрбаны" болып отыр.
Аралдың айтылмаған ақиқаттары
Су министрлігінің су жаңа министрімен өткен кездесуде қоғам белсенділерінің олардың Арал теңізіне құйылып жатқан су мөлшері жөніндегі ақпараттарының жалған екендігін айтқанда, министр Нұржан Нұржігітов мырза олардың сөзінің дәлелі жоқтығын айтып, назарға алмаған. Сонда министр мырза сол өңірде тұратын, азабын күнделікті тартып отырған халықтың сөзіне құлақ аспағаны ма?
Теңіздің көз жасы
Кезінде Одаққа танымал болған әлемде көлемі жағынан төртінші орынға ие болған, аумағы 68 000 шаршы шақырымды, тереңдігі 68 метрді құраған, 36 дан астам балық түрі мекендеген Арал теңізі туралы, экологиялық ахуалы жайында бейнематериалдар, жаңалықтар туралы.
Экомарафон-Арал 2022
Ақтау қаласының азаматтары Экомарафон-Арал 2022 акциясына қолдау білдірді.
Экомарафон-Арал 2022
Ақтау қаласының азаматтары Экомарафон-Арал 2022 акциясына қолдау білдірді.